Басқа

«Көңіл көншітпейді». Тимур Құлыбаев - Токио Олимпиадасындағы нәтиже туралы

«Көңіл көншітпейді». Тимур Құлыбаев - Токио Олимпиадасындағы нәтиже туралы
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Бас Ассамблеясы өтті. Жиында Токиодағы Олимпиада ойындарының қорытындысын шығарып, 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына мәселесі барысы талқыланды, сондай-ақ, 2020 жылғы қаржылық қызметі туралы есепті бекітті және спорт қайраткерлерін марапаттады, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК басшысы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өткен ассамблея отырысына ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сонымен қатар, Қазақстан ҰОК атқарушы комитетінің мүшелері мен ұлттық спорт федерацияларының басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе 2020 жылғы Олимпиада маусымын қорытындылау болды. Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы ауыр атлетика, бокс, карате, дзюдо және еркін күрестен 8 қола жүлде жеңіп алды.

«Биылғы басты оқиға біз үшін Токиодағы Олимпиада ойындары болды. Жапониядағы Олимпиада ойындарының нәтижесінен туындаған үлкен резонанс реформаларды тездетуге және спорт жүйесін жетілдіру бойынша нақты іс-шараларды бастауға көмектеседі деп сенеміз», - деп бастады сөзін Қазақстан ҰОК Президенті Тимур Құлыбаев.

Осы орайда журналистер еңбегін атап өткім келеді. Әсіресе, тәуелсіз басылымдар, спортқа бей-жай қарамайтын қоғамдық көзқарастарыңыз, маңызды сұрақтарды, мәселелерді көтеріп және оған тиісті жауап талап етіп ақпаратты көпке таратудағы еңбектеріңізді жоғары бағалаймын.

Иә, қателіктер болғаны рас. Көптеген спорт түрлерінің нәтижесі көңіл көншітпейді және біздің бүгінгі міндетіміз – болашақта мұның қайталануына жол бермеу.

Токиодағы Олимпиада ойындарына үлкен дайындық жұмыстарының жүргізілггенін жоққа шығаруға болмайды. Біз бірінші рет пандемия тудырған көптеген факторларға тап болдық. Бүкіл спорт қоғамдастығы атынан Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Үкіметіне біздің команданы дайындауға қатысты мәселелерді жан-жақты қолдағаны және жедел шешкені үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Құлыбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан ҰОК басшысы Токио төрінде бақ сынаған спортшыларға алғысын білдірді.

«Барлық спортшыларға, әсіресе, ел намысын абыроймен қорғап, елге жүлдемен оралған спортшыларға, бізді Олимпиадада қуантқан жас және талантты атлеттере шексіз алғысымды білдіремін. Олимпидаға тек үздіктердің үздігі ғана қатыса алады және төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысудың өзі үлкен жетістік», - деп сөзін қорытындылады Тимур Құлыбаев.

Команданың Токиодағы көрсеткішін саралай келе Қазақстан құрамасының осындай нәтиже көрсетуіне екі негізгі себепті көрсетуге болады. пандемия мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша қаржыландырудың қысқартылуы себеп болды.

Команданың Токиодағы көрсеткіштерінің талдауы негізінде Қазақстанның нәтижелеріне әсер еткен екі негізгі себеп бар. Олар: пандемияның салдары және бірқатар бағдарламалар бойынша олимпиадалық спорт түрлерін қаржыландырудың қысқаруы болды.

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары ассамблея отырысында бөлек талқыланды. Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Қытайдың үш қаласында, атап айтқанда, Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу қалаларында өтеді. Жолдама үлестірілетін додалар 16 қаңтарға дейін өтеді және оған дейін отандық спортшылар 50-ден астам лицензиялық турнирге қатысуды жоспарлап отыр.

Пандемияға қарамастан ҰОК қысқы спорт түрлері бойынша командалардың жаттығулары мен жарыстарын толыққанды ұйымдастырды. 2021 жылы жалпы саны 105 оқу-жаттығу жиыны өтті. Оның ішінде 69 жаттығу жиыны шетелде өткізілді. Ақ Олимпиадада Қазақстан 8 дисциплина және 4 спорт түрінен бақ сынауды жоспарлауда.

Кездесу барысында ұлттық федерация басшылары көптеген бағыттардың жақсарғанын, атап айтқанда, ұлттық құрамаларды дайындау мен жаттығуларда федерация рөлінің күшейенін атап өтті. Бұл, ең алдымен, федерациялар мен ұлттық құрамалардың өздерін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы ҰОК енгізген принципті жаңа тәсіл - спорттық федерациялар мен жаттықтырушылар штабының өзі спорттық құрал-жабдықтар мен спорттық тамақтануды сатып алу қажеттілігін, көлемін, тізімін және техникалық сипаттамаларын өздері анықтайды. Сонымен қатар, командаларға кешенді ғылыми топтардың мамандары тұрақты медициналық-биологиялық қолдау көрсетеді, спортшыларды даярлау үшін жағдайлар жақсартылды және жаттығулар тек аккредиттелген базаларда жүргізіледі. Тағы айта кетерлігі, ҰОК, ұлттық және халықаралық федерациялар арасындағы халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді.

Сонымен қатар, Бас Ассамблея жылдың қаржылық есебін мақұлдады және «Эрнст и Янг» компаниясынн 2021 жылға ҰОК-тың сыртқы қаржылық аудиторы етіп тағайындады. ҰОК ұзақ жылдар бойы өз жұмысында ашықтық принципін ұстанды, сондықтан әлемдегі ең беделді қаржы компанияларының бірі сыртқы аудитті үнемі жүргізіп отырады.

Бас Ассамблея отырысында көрнекті қайраткерлер мен қазақстандық спорт ардагерлеріне Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ордендері мен құрмет белгілері табысталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер