OCTAGON 24 турнирі 23 қазанда өтеді

OCTAGON 24 турнирі 23 қазанда өтеді

Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі келесі турнир өтетін күнді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лиганың 24-турнирі 23 қазанда өтеді. Басты жекпе-жекте аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл турнирде Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан файтерлері өнер көрсетеді. Ивент карды алдағы апталарда жарияланады. 

Айта кетейік, OCTAGON 23 17 қыркүйекте Алматыда өткен еді. Басты кездесуде қазақстандық Денис Муцнек (13-9) тәжікстандық Фарход Давлятовты (4-1) үшінші раундта жеңіп, жартылай жеңіл салмақта чемпиондық титул иеленген. 

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы мен 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или