Анна Данилина Astana Open турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.<br /><br /><span>Данилина ресейлік Анна Блинковамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандықтар Жібек Құламбаева - Гөзал Айнитдиновамен өткізді. 1 сағат 17 минутқа созылған матчта бірінші сетте Данилина мен Блинкова басымдық танытты - 6:3. Екіншісінде қазақстандықтар бір де бір гейм берген жоқ - 6:0. </span>
<span>Гөзал мен Жібек супер тай-брейкті де әдемі бастап, сенсация жасайтындай көрінген. Дегенмен тәжірибелі қарсыластары күш алып кетті - 10:8. Осылайша қазақстандық-ресейлік жұп екінші айналымға өтті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или