Андрей Василевский: Қазақстандағы теннис турнирлерінің деңгейі жыл сайын өсіп келеді
Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі Андрей Василевский жарыстан соң пікірін айтты.
<span> «Мен Қазақстанға жиі келіп жүрмін. Келген сайын жылдан жылға турнир деңгейлерінің өсіп келе жатқанына куә болып жүрмін, алдымен фьючерстер, содан кейін Челленджерлер, енді ATP 250 сияқты ірі турнирлер өтіп жатыр», - деді спортшы ҚТФ баспасөз қызметіне.</span>
<span>Финалда</span> мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андрес Мольтени жұбы израильдік Джонатан Эрлих пен беларусьтік Андрей Василевский жұбымен кездесті.
Бұл сында мексикалық-аргентиналық жұптың жолы болды. Олар қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или