ҚПЛ 22-туры: матчтардың тікелей трансляциясы

ҚПЛ 22-туры: матчтардың тікелей трансляциясы

25 қыркүйекте Петропавл, Ақтөбе мен Қарағандыда футболдан Қазақстан чемпионаты 22-турының алғашқы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де петропавлдық «Қызыл-Жар» мен түркістандық «Тұран» кездеседі. Солтүстікқазақстандықтар Алматыдағы жеңілістен кейін жанкүйерлерін қуантуға тырысады. Ал «Тұранға» әр ұпай маңызды, себебі команда турнир кестесінің соңғы жағында келеді. 

18:00-де «Ақтөбе» – «Жетісу» матчы басталады. Ақтөбеліктер кейінгі екі турда бір ғана ұпай еншіледі, жанкүйерлерінің алдында ұпай жоғалтуға болмайды. Ал Талдықорғанның жағдайы қиындау, команда соңғы орында келеді.  

Бүгінгі ойын күні Қарағандыда «Шахтер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матчпен бітеді. Кездесу 20:00-де басталады. «Қайрат» чемпиондық титулға таласқысы келсе, ұпай жоғалтпауы керек. Бірақ қарағандылықтар кейінгі кезде бабында, өз алаңында кез келген қарсыласқа азуын батыра алады. 

Фото: fckairat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или