Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе -жегі өтпей қалды

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе -жегі өтпей қалды

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Мұсаділовтың (10-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегі өтпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан уақыты бойынша 25 қыркүйек күні таңертең Майамиде (Флорида, АҚШ) өтуі тиіс жекпе-жектің тоқтатылуына қарсылас – америкалық Шон Миллердің (18-6-1, 7 КО) жарақаты себеп болды.

«Өкінішке қарай, қарсыластың жарақатына байланысты менің жекпе -жегім сәтсіз аяқталды», - деп жазды Серік өзінің Instagram парақшасында.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202109/203991_3348a4dbfd1d83a75f019f326b0cd817.webp" /></picture>

 9 шілдеде  Серік Мұсаділов  Майамидегі жекпе-жег өткізіп, америкалық боксшыЛамонт Кейперсті (11-15-5, 2 КО) бірауызды шешіммен жеңген болатын.

<br />Фото instagram.com/serikmussadilov

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или