Әскерилер ӘЧ: Тағы екі боксшымыз 1/2 финалға шықты
Мәскеуде өтіп жатқан әскерилер арасындағы бокстан әлем чемпионатында екі спортшымыз жартылай финалға шықты.
64 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Айтжан Әшірхан ширек финалда сириялық Мұхаммад Мусататадан төрешілердің шешімімен басым түсті.
Абзал Құттыбеков Люксембург өкілі Мишель Эрпелдингті жеңді. Ол енді 91 келіге дейін салмақтың жартлыай финалында жұдырықтасады.
Бұған дейін жартылай финалға Теміртас Жүсіпов пен Рүстем Шәуменов шыққан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или