Джошуа Усикпен өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады

Джошуа Усикпен өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады

Бокстан WBA, IBF, WBO және IBO тұжырымы бойынша қазіргі чемпион Энтони Джошуа бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты әлем чемпионы Александр Усикпен жекпе-жектен қанша табыс табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mirror хабарлағандай, Джошуаның гонорары 15 миллион фунт стерлинг (шамамен 17,5 миллион еуро) болады.

Александр Усик пен Энтони Джошуа 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке қараған түні Лондонда жекпе-жек өткізеді.

34 жастағы Александр Усик кәсіпқой бокста 2013 жылдан бері өнер көрсетеді. Соңғы жекпе-жегінде ол британиялық Дерек Чисораны (2020 жылы қазанда) жеңді. Александр 18 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті (13 нокаут). Ал 31 жастағы Джошуа 24 ре жеңіске жетіп, (22 нокаут), бір рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или