UFC-дің бұрынғы файтері қазақстандық ұйыммен келісімшартқа отырды
UFC-дің экс-жауынгері Вальмир Лазаро (19-7, 11 КО) қазақстандық Naiza Fighting Championship лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды лиганың баспасөз қызметі.
Мансабын 2007 жылы бастаған бразилиялық аралас жекпе-жек шебері танымал UFC промоушенінде үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліс тауып, біреуінде қарсыластан басым түскен.
Сонымен қатар World Fighting Championship Akhmat сапында да үш жекпе-жекке шығып, екеуінде жеңіліп, біреуінде жеңіс тойын тойлаған.
NFC лигасының хабарлауынша, қос тарап ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или