Әмір Закиров JBL Unbreakable халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Әмір Закиров JBL Unbreakable халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

18 қыркүйекте Бельгияның Антверпен қаласында брейк-данстан JBL Unbreakable халықаралық рейтингтік турнирі өтті.

Жалпы 30-дан астам мемлекеттен арнайы шақырумен келген спортшының арасында қазақстандық Әмір Закиров жеңімпаз атанды. Әмір ақтық сынға дейін бельгиялық (Sambo), америкалық (Jeffro), норвегиялық (Exaggerate), ресейлік (Nord Diamond) брейкинг бойдан (брейк билейтин жігіт) басым түсті. Ал финалда тағы бір бельгиялық Mighty Jimm-мен шеберлік байқасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша еліміздің өкілі басым түсті.

«Брейк-данстан еліміздің Олимпиада құрамасының Париж төрінде жүлдеге таласатын әлеуеті бар. Біз қарқынды дамып келе жатқан спорт түрінен көшбасшы құраманың біріміз»,-деді Спорттық би федерациясындағы брейкинг санатының бас директоры.

Айта кетейік, брейк-данс 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада бағдарламасына қосылған спорт түрі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или