Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокс кешінде шаршы алаңға шығады
<span>Боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) менеджері Зия Әлиев өз клиенттерінің Қазақстанда өтетін бір бокс кешінде өнер көрсететінін айтты.</span>
<span>- 18 желтоқсанда Қазақстанда мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шоу жасаймын, промоутер боламын. Оған Данияр да, Иван да қатысады. Қалған боксшылармен де жұмыс жасап жатырымын», - деді Әлиев. </span>
<span>Айта кетер жайт, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Triller Fight Club промоутерлік компаниясымен ынтымақтастықты бастайды. Елеусінов соңғы айқасын 2020 жылдың қарашасында өткізді. Екінші раундта ол Юлиус Индонгоны нокаутқа жіберді (23-4, 12 КО). Ал Дычко осы жылдың шілдесінде болған жекпе-жегінде ресейлік Денис Бахтовтан (39-19, 26 КО) бірінші раундта басым түсті.<br /></span>