«Шахтер» он футболшымен сырт алаңда «Қайсарды» жеңді
«Шахтер» Қазақстан чемпионатының 21-турындағы матчта «Қайсардан» жеңісті (2:1) жұлып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері Давид Мавутордың голына Арман Кеңесовтің нәтижелі соққысымен жауап берді. Төреші қосқан қосымша уақытта «кеншілер» сапынан гол соққан Мавутор алаңнан қуылды. Бірақ, бір футболшыға кем қалса да қонақтар жеңісті голды соғып кетті.
Қазақстан чемпионаты – 2021. 21 тур.
«Қайсар» – «Шахтер» 1:2 (0:0)
Гол соққандар: Кеңесов 76 – Мавутор 71, Тәттібаев 90+6.
Алаңнан қуылды: Мавутор 90+1 (Ш).
19 қыркүйек. Қызылорда. Мұратбаев атындағы стаидон.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или