Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегерлерді рекордтық деңгейде ақшалай сыйақы күтіп тұр
24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Бұл чемпионаттың алдыңғы біріншіліктен басты айырмашылығы – жүлдегерлерге айтарлықтай ақшалай сыйақы берілуінде. Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді.</span>
<span>Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ доллар.</span>
<span>«Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте табысқа жетіп қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек», — деді AIBA президенті Умар Кремлев.</span>