Том Лёффлер: Головкин бірінші орта салмаққа түсуге дайын

Том Лёффлер: Головкин бірінші орта салмаққа түсуге дайын

Орта салмақтағы WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық спортшының әлемнің үздік боксшыларымен кездесу үшін бірінші орта салмаққа түсуге дайын екендігіне сенімді.

«Геннадийдің менеджері де, оның бапкері де 154 фунт салмақта өнер көрсетуіне қарсы болмайтынына еш күмән жоқ. Геннадий орта салмақтағы алып денелі боксшы емес. Соңғы екі жекпе-жектің алдында оның салмағы 159 фунт болған еді, оның өз салмағымен «әлекке түспейтіні» айдан анық», -дейді Леффлер.

«Ол бокстағы ең үздік спортшы екенін дәлелдегісі келеді. Ол үшін оған кілең мықтылармен қолғап түйістіру қажет. Геннадий Мейвезермен жұдырықтаса ма деген сұрақтарды жұрт жиі қояды. Головкин Р4Р рейтингісінде көш бастағысы келеді, бұған қол жеткізу үшін ол 154 фунтқа төмен түсуге дайын», - дейді промоутер.

BNews.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или