Головкинді ұтқаннан кейін Мейвезермен жұдырықтасуға жол ашылады – Вилли Монроның жаттықтырушысы

Америкалық боксшы кіші Вилли Монроның жаттықтырушысы Тони Морган өзінің шәкірті Геннадий Головкин үшін ең күшті қарсылас болатынын мәлімдеді. Айтуынша, қазақтандықтың сазайын бергеннен кейін Монроға кіші Флойд Мейвезермен жұдырықтасуға жол ашылмақ, деп хабарлайды championat.com.

«Менің ойымша, Головкиннің спорттық ғұмырындағы ең күшті қарсыласы Вилли болады. Егер біз Головкинді жеңсек, Флойд бірінші орта салмақта бізбен жұдырықтасқысы келеді, ол кезде біз оған дайын боламыз. Бізге біраз ақша табу керек», - деп мәлімдеді Морган.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Монро жекпе-жегі 16 мамыр күні АҚШ-та өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или