Қызылордалық ардагер гір спортынан әлем чемпионатының 12-ші рет алтынын жеңіп алды

Ардагерлер арасында гір спортынан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Оразбек Медетбаев пен Өтеулі Елібаев Архангельск қаласынан Қызылордаға келді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Әлем чемпионатына 12 елден 200-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстан атынан 9 спортшы қатысты, оның екеуі чемпионаттың алтынымен оралды. Қос чемпион да Қызылорда облысының тұрғыны. Сырдария ауданынан шыққан Оразбек Медетбаев 12-ші рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолы 40-45 жас шамасында өнер көрсетті. Ол 10 минуттың ішінде жиырма келілік гірді 205 рет көтерді.

55-59 жас аралығында тағы бір қызылордалық Өтеулі Елібаев жеңімпаз болды. Ол осымен үшінші рет әлем чемпионы атағын иеленіп отыр. Ө.Елібаев 14 келілік гір тасын 5 минутта 117 рет басынан асырды. Осылайша, бұл жарыстарда Қазақстан жалпы есепте екінші орыннан көрінді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или