Сауль Альварес: «Головкин – өте мықты боксшы»
<p>
<strong>Мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBA тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p>
«Головкин – мықты боксшы. 20 жасымда Головкинмен екі рет спаррингке шықтым. Оған ара-тұра ауыр соққылар жасадым, ол да мені аяған жоқ. Бұл бір жақсы спарринг болды, ол өте мықты боксшы», - деп түйіндеді Сауль Альварес. </p>
<p>
Айта кетейік, Геннадий Головкин Альвареспен рингте кездескісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или