Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатына қатысады

Спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
15-21 қыркүйек күндері Ресейдің Мәскеу қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзілік біріншілікке Қазақстан сапынан 11 спортшы қатысады.
Атап айтқанда, Мәскеуде Ришат Хайбуллин, Амир Маймуратов, Роман Костюков, Бекнұр Алтынбеков, Матвей Есипов, Алексей Панфилов, Тамара Олжабаева, Әсел Марленова, Алина Пономарева, Танзила Оспан және Маргарита Агамбаева ел намысын қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или