Күрес

Қазақстандық балуан әлем кубогінің иегері атанды

Қазақстандық балуан әлем кубогінің иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Атыраулық балуан әлем кубогында қарсыластарын ұтып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен әлем кубогі өткен.

«Әлем кубогі үшін додада балуан Наурызбек Майлашев 74 келі салмақта бақ сынады. Ол алдымен Молдова және Румыния спортшыларын ұтты. Жартылай финалда қазақстандық балуаннан басым түсті. Ал, ақтық сында Румыния балуанын қапы қалдырып, әлем кубогінің иегері атанды» -деп хабарлады басқарма.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер