Басқа

Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Қазақстан құрамасы жазғы Гран-при кезеңінде бақ сынады

Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Қазақстан құрамасы жазғы Гран-при кезеңінде бақ сынады
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Қазақстан құрамасы Ресейде жазғы Гран-при кезеңіне қатысты. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан сапынан қос атлет жарыстың финалында бақ сынады. HS-140 санаты бойынша Сергей Ткаченко 128.7 көрсеткішімен 26-шы, ал Сабыржан Муминов 55.9 ұпаймен 33-ші орынға жайғасты.

Ал микс бойынша Қазақстан үздік ондыққа енді. Ел құрамасынан аталған санатта Валентина Сдержикова, Сабыржан Муминов, Вероника Шишкина және Данил Васильев қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша команда 177.3 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер