Станислав Калицкий WBO Inter-Continental титулы үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды
Екатеринбургте қазақстандық Станислав Калицкий (11-2) ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақтағы кездесуде Калицкий мен Руслан Камилов (10-0-1, 5 КО) WBO Inter-Continental титулын сарапқа салған. Боксшылар ашық жұдырықтасып, екеуі де алға ұмтылуымен болды. Бір сәтте ресейлік боксшының қабағы жарылып, кездесуде бірнеше рет үзіліс болды.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Камилов жеңіске жетті. Қазылар кездесуге ресейліктің пайдасына 98:92, 96:94, 98:92 деген баға берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или