Эрич «Атырауға» қарсы матчта командасына көмектесе алмайды

Ненад Эрич төртінші турдағы «Атырауға» қарсы ойында командасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл жайында елордалық клубтың баспасөз қызметі біздің тілшілерімізге берген сұхбатында айтты: «Ненад Эрич «Атырауға» қарсы ойында алаңға шықпайды. Келесі ойынға да қатыспауға мәжбүр. Одан кейінгі матчта денсаулық жағдайына қарай көре жатармыз. Қазір ол негізгі құрамнан бөлек, жеке дайындалуда».

Естеріңізге сала кетейік, Ненад Эрич үшінші турдағы «Шахтермен» болған ойында Михрет Топчагичпен соқтығысып, жарақат алып қалған болатын. Қақпашыға «миы шайқалған» деген болжам берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или