Басқа

Милад Карими мен Фарух Набиев Түркиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысады

Милад Карими мен Фарух Набиев Түркиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

9 қыркүйек күні Түркияның Мерсин қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Милад Карими мен Фарух Набиев.

Бұл Карими үшін Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі жарыс болмақ. Ал Фарух Набиев өткен аптада Словенияның Копер қаласында өткен кубоктік кезеңде жүлдеге ілікті.

Ол қоссырықтағы жаттығудан күміс медаль иеленген еді.

Түркиядағы әлем кубогі кезеңі 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер