Басқа

Фарух Набиев: Менен ешкім жүлде күткен жоқ

Фарух Набиев: Менен ешкім жүлде күткен жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Словенияда өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Фарух Набиев күміс жүлде жеңіп алды.

Гимнаст аталған жүлденің өзі үшін өте маңызды екенін айтты.

«Әлем кубогы кезеңдеріне екінші рет қатысып тұрмын. Бұған дейін Хорватияда бақ сынап, бесінші орын алдым. Ал мұнда жүлдеге ілігемін деп ойламадым. Өйткені, негізгі мақсат – финалға шығу еді. Жаттығуды керемет орындап шықтым дей алмаймын, бірақ өз деңгейінде орындадым. Төрешілер жақсы бағалап, жақсы балл берді. Осылайша, екінші орын алдым.

Жаз бойы осы жарысқа алаңсыз дайындалдым. Жеке бапкерімнің жоспары бойынша дайындық жүйелі түрде өтті.

Мен мұндай ірі жарыстарға көп қатыспағандықтан, әлі тәжірибем де толыспағандықтан, бұл медальға қатты қуандым. Бұл турнирде ысыла түскенім рас. Өзіме керекті көп нәрсені ойға түйді. Жарыс алдында уайым арта түсі, не істерімді, қорқынышты қалай жеңерімді білмедім. Осы кезде бапкерім көмекке келді. Маған қолдау сөздерін аяған жоқ.

Жалпы алғанда, нәтиже көңілімнен шығады. Бұл күміс менің алдағы жарқын жеңістеріме жол ашады деп ойлаймын. Медаль болады деп ешкім де күткен жоқ. Енді әрі қарай еңбектенемін», - деді спортшы.

Еске сала кетейік, Словенияның Копер қаласында өткен кубоктық кезеңде Фарух Набиев қоссырықтағы жаттығудан күміс иеленді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер