Басқа

ТМД елдері ойындары: оқ атудан үш медаль қоржынға түсті

ТМД елдері ойындары: оқ атудан үш медаль қоржынға түсті
news-banner7
mobile-news-top

«Динамо» оқ ату орталығында мергендер жарысты бастады. 2001-2004 жылы туған жасөспірімдер бұл спорт түрінен 8 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Алғашқы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды.

Әуелі 10 метрге пневматикалық тапаншамен оқ атуда сынға түскен Никита Чирюкин күміс жүлдегер атанды. Оның көрсеткіші – 234.2 балл. Бұл бағдарламада 236.3 ұпай жинаған өзбекстандық Мухаммад Камалов чемпион атанды.

Осыдан кейін кіші колибрлі винтовкамен оқ ату бағдарламасында Арина Алтухова топ жарса, тағы бір отандасымыз Елизавета Безрукова күміс жүлдеге ие болды. Арина үш түрлі позицияда (тізірлеп тұрып, жатып және тұрып) нысана көздеуде тура 455, Елизавета 454.5 ұпай жинады.

Айта кетейік, бір алтын, екі күміс медаль алған Қазақстан құрамасы бұл спорт түрінен көш бастап келе жатыр. Екінші орында бір алтыны бар Өзбекстан тұрса, үштікті бір қоласы бар Ресей мен Беларусь түйіндеп тұр. Қалған 6 бағдарлама бойынша жарыстар 10 қыркүйекте аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер