Басқа

Қазақстан Президенті Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Қазақстан Президенті Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өткен Паралимпиада ойындарында медаль алған қазақстандық спортшыларды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады.

1. Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен: Дегтярев Давид Мамиевич

«Парасат» орденімен: Байбатина Зарина Боранбайқызы, Дәулет Теміржан Серікұлы, Сариев Ануар Берікұлы

«Құрмет» орденімен: Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Паралимпиадада 5 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 1 қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер