Қазақстандық садақшылар халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық садақшылар Украинада "Алтын күз" халықаралық жарысына қатысады.
6-11 қыркүйек күндері Украинаның Львов қаласында садақ атудан халықаралық жарыс өтеді. Қазақстан сапынан аталған додаға тоғыз спортшы қатысады деп жоспарланған.
Атап айтқанда, Александра Воропаева, Алма Килибаева, Нұрай Бөргекова, Диана Кальпебаева, Карина Ермұханова, Вячеслав Мухтияров, Оразалы Қабдырахманов, Нұрхан Әлмхан және Олжас Төреханов ел намысын қорғайды.
Айта кетерлігі, дәстүрлі жарыс халықаралық садақ ату федерациясының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или