Жастар құрамасын неміс ойыншылары толықтырады

Жастар құрамасын неміс ойыншылары толықтырады

Германия чемпионатында өнер көрсететін төрт ойыншы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан футбол Федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша құрама сапына Роберт Бергер («Энерги», 1996 ж.т.), Андрей Старцев («Санкт-Паули», 1994 ж.т.), Иван Саханенко («Саарбрюкен», 1997 ж.т.) және шабуылшы Макс Шибак («Швайнфюрт», 1995 ж.т.) келіп қосылады. Аталған ойыншылардың ата-аналары бұрын Қазақстанда тұрғандықтан, құрама сапында доп тебуге өз келісімдерін берді.

Саулюс Ширмялис (Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері):

- Қазақстан жастар құрамасындағы басты кемшілік – орталық тұс, орталық қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы. Қазіргі таңда команданы күшейтуді қолға алудамыз. Ішкі чемпионаттағы дубль және бірінші лига ойыншыларымен қатар, түп тамыры Қазақстанмен байланысқан шетел аяқдопшыларын іздестірудеміз. Алдағы жиынға бізбен бірге төрт неміс азаматы барады. Олар болашақта тарихи Отандары үшін тер төгіп, намысын қорғағысы келеді. Біз оларды мұқият бақылаймыз, егер де жастар құрамасында жақсы ойнап жатса, болашақта Ұлттық құрамаға өз пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан жастар құрамасының Эстониядағы оқу-жаттығу жиындары наурыз айының 23-і мен 31-і аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или