WBA Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

WBA Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады. 

<span>Инсайдер Дэн Рафаэльдің ақпаратына сәйкес, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Эрисланди Лараның WBA Super толық титулының иесі Риота Муратамен жекпе-жек тағайындау туралы сұранысын қабылдамады.</span>

<span>Муратаның желтоқсанда IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкинмен бірлескен жекпе-жек өткізетіні туралы белгілі. Ұйым осы жоспарды ұстанбақ. </span>

<span>«Лара WBA-дан оған Муратамен жекпе-жек тағайындауын сұраған, бірақ маған WBA-ның желтоқсанға жоспарланған GGG-Мурата унификациясын санкциялап жатқаны айтылды», - деді Twitter-де Рафаэль. Головкин мен Муратаның айқасы желтоқсанда Жапонияда болады деп күтіледі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или