Паралимпиада: Екі спортшымыз финалға жолдама алды

Паралимпиада: Екі спортшымыз финалға жолдама алды

Бүгін 100 метрге брасс әдісімен суда жүзуде S-13 санатында (көз жанары зақымданған) Нұрдәулет Жұмағали іріктеу кезеңінде 2-орын алып, финалға жолдама алды. Нәтижесі - бір минут, төрт секунд.

Отандасымыз әлем рекордын жаңартқан германиялық спортшыдан кейін мәреге жетті. Нұрдәулет 16 дүркін Паралимпиада чемпионы, Беларусь өкілі Игорь Бокидің өзін басып озды.

Сонымен қатар дәл осы бағдарламада жарыс жолына шыққан Нұрәли Советқанов өз тобында 4-орын алып, ақтық сынға өтті. Көрсеткіші бір минут, он секунд.

Финал бүгін 16:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или