ASTANA OPEN WTA 250 турнирінің жүлде қоры белгілі болды
Қазақстан тарихында WTA сериясы бойынша әйелдер арасындағы бірінші турнирді ұйымдастырушылар жеңімпаздар, жүлдегерлер мен қатысушылар алатын ақшалай қаражат мөлшерін жариялады.

Жекелей сын жеңімпазы 29 200 долларға ие болады. Финалға шыққан ойыншы 16 398 АҚШ долларын алады. Astana Open WTA 250 бірінші турында ұтылғандардың әрқайсысына 3325 доллардан бұйырмақ.

Жұптық бәсекеде чемпиондар 10 300 долларды бөліп алады, ал финалистер 6000 долларды бөліске салады. Қатысушылар бірінші айналымдағы жеңілісі үшін 1750 долларға разы болысады.

Турнир 2021 жылдың 25 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или