Басқа

Карими: Токиода өтетін әлем чемпионатына қатысамын

Карими: Токиода өтетін әлем чемпионатына қатысамын
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио Олимпиадасынан кейінгі жоспарымен бөлісті.

«Токио Олимпиадасы екіұдай сезім сыйлады. Ортаға шығып, Олимпиада екенін түсінесің. Ал келесі күні мүлде ештеңе сезбейсің. Жанкүйердің жоқтығы қатты білінді. Олимпиадада адам сенгісіз нәтижелер болады. Сонысымен де бұл ойындар өте қызық.

Олимпиададан кейін демалудамын. Кейін Токиода өтетін әлем біріншілігіне дайындаламын. Украина құрамасымен жаттығамын. Әлем чемпионаты қазанның аяғында өтеді, сондықтан, жаттығу жалғасады.

Қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғыс айтамын. Бапкерлерімен, жеке жаттықтырушым Степан Горбачевқа, сондай-ақ, украиналық мамандарға рахмет», - дейді Милад.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасында Милад Карими екі финалға жолдама алып, еркін жаттығудан 5-ші, кермедегі жаттығудан 8-ші орын алды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер