Басқа

Қазақстандық таеквондошылар Эстониядағы халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Эстониядағы халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Эстонияда өткен «Tallinn Open» халықаралық турнирінде 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан таеквондо федерациясына сілтеме жасап. 

G-1 дәрежесіндегі жарыс 28-29 тамыз аралығында Таллин қаласында өтті. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам спортшы қатысты.

Нұрлан Мырзабаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медалін жеңіп алды.

Смайыл Дүйсебай 87 келіге дейінгі салмақта жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ерасыл Арапбай 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0