Жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстанның 17 боксшысы финалға шықты

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстанның 17 боксшысы финалға шықты

Қазақстан боксшылары жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатындағы өнер жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты.

2004-2005 жылдары туған боксшылар арасындағы жарыста финалға шыққандар анықталды. Қазақстаннан барған 13 боксшының 10 шешуші сынға жолдама алды. 

Финалға шыққандар:

 48 кг дейін: Санжар Тәшкенбай – Суреш Вишванат (Үндістан)

 54 кг дейін: Нұрсұлтан Алтынбек – Алиш Афшари (Иран)

 57 кг дейін: Әбдіғали Әбдікәрім – Мохаммед Анвар (Ирак)

 60 кг дейін: Ерасыл Ермек – Ливаса Омар (Қырғызстан)

 63,5 кг дейін: Ернұр Сүйінбай – Вансаж (Үндістан)

 67 кг дейін: Абзал Серік – Самандар Солижонов (Өзбекстан)

 75 кг дейін: Бақберген Әлиасқаров – Фардин Халифенлу (Иран)

 86 кг дейін: Темірлан Мұқатаев – Диорбек Уралов (Өзбекстан)

 92 кг дейін: Мәди Әміров – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)

+ 92 кг: Даниял Сапарбаев – Жахонгир Жакипов (Өзбекстан)

Қола жүлде иегерлері:

 71 кг дейін: Арман Арманұлы

 80 кг дейін: Дәурен Мамыр

Қазақстанның бойжеткендері де жоғары нәтижесімен көзге түсті.

Финалға шыққандар:

 54 кг дейін: Айшагүл Елеубаева – Неха (Үндістан)

 60 кг дейін: Жұлдыз Шаяхметова – Дахия Претти (Үндістан)

 63 кг дейін: Милана Аюпова – Хиши (Үндістан)

 70 кг дейін: Гаухар Шайбекова – Азиза Зокирова (Өзбекстан)

 75 кг дейін: Дана Дидай – Хиши (Үндістан)

 81 кг дейін: Аида Сарибарова – Депика (Үндістан)

+ 81 кг: Диана Магауяева – Мариам Алмесмари (БАӘ)

Қола жүлде иегерлері:

 48 кг дейін: Гүлназ Брибаева

 50 кг дейін: Гүлнар Турапбай

 52 кг дейін: Хава Болкоева

 57 кг дейін: Шахназ Исаева

 66 кг дейін: Анар Тұрынбек

Осылайша, Азия чемпионатында Қазақстанның 17 бірдей боксшысы алтын жүлде үшін таласады. Финалдық кездесулер 30 тамызға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или