Сиязбек Далиев паралампиадада баттерфляй әдісімен жүзуде бестікті түйіндеді

Сиязбек Далиев паралампиадада баттерфляй әдісімен жүзуде бестікті түйіндеді

Бүгін 50 метрге баттерфляй әдісімен суда жүзуден ерлер арасындағы S5 санатындағы финалдық жарыс аяқталды.

Қазақстандық Сиязбек Далиев 8 спортшының арасында 5-орынға тұрақтады. Көрсеткіші - 35.27 секунд. Ал үш жүлдені де қытайлық пара спортшы иеленді.

Айта кетейік, отандасымыз таңертең іріктеу кезеңінде бұл қашықтықты 35.73 секундта жүзіп өткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или