Басқа

Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады

Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен жеңіске жеткен Давид Дегтяревті алтын жүлдесімен құттықтады.

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын7 Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін», деп жазды ҚР Президенті Тwitter-де.

Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 174 келіні көтерді. Бұл сында күміс медальді франциялық А. Борлоун, қола жүлдені грекиялық Д. Бакорхристос иеленді.

Айта кетейік, Дегтярев 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер