Басқа

Григорий Ким: Мұсаев Токио ойындарында қобалжу салдарынан жеңілді

Григорий Ким: Мұсаев Токио ойындарында қобалжу салдарынан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Садақ атудан Қазақстан командасының бас бапкері Григорий Ким спортшылардың Токиодағы көрсеткіштерін қорытындылап, Денис Ганькин мен Санжар Мұсаевқа қатысты пікірін білдірді.

- Командалық есептегі іріктеу сынында Қазақстан сапынан Денис Ганькин жоғары ұпай жинап, 9-шы орыннан көрінді. Ал жалпы алғанда, біздің құрама 8-ші орынға тұрақтады. Негізі, алтылыққа енуді жоспарлаған едік. Тиісінше, келесі сатыда тұрған Үндістан командасымен кездесіп, 2:6 есебімен жол бердік.

Жекелей сынға келер болсам, Денис Ганькин бірінші айналымда Египет спортшысын ұтып, жақсы бастаған еді. Келесі кезеңде танымал италиялық мергенге жол берді. Өзі бар күшін салғанын айтады.

Санжар Мұсаев өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол өте жауапты жігіт, бірінші Олимпиадасы. Меніңше, біраз қобалжып, «күйіп» кеткен сияқты. Әйтпесе, қарсыласынан 4:2 есебімен алда келе жатқан. Әлде, желдің бағытын дұрыс таба алмады ма, әйтеуір, оған бірдеңе жетіспеді, - деді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер