Али Ахмедовтің тамыздағы қарсыласы жекпе-жекке шықпайды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) 26 тамызға жоспарланған жекпе-жегін өткізбеуі мүмкін, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Boxrec мәліметінше, Ахмедов мексикалық Рикардо Адриана Луна Флореспен (23-8-1, 15 КО) жұдырықтасуы керек болған. Бірақ оның есімі Коста-Месадағы ивентке қатысушылар тізімінен алынды. Енді Ахмедовке жаңа қарсылас табылар-табылмасы белгісіз, сол күні рингке шықпауы да мүмкін.
Бірақ Ахмедовтің 16 қыркүйекте Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) перулік Давид Сегарраға (34-5, 21 КО) қарсы жоспарланған жекпе-жегі <span>Boxrec тізімінде әлі тұр</span>.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или