Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Құрбаев қола медаль ала алмады

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Құрбаев қола медаль ала алмады

Уфа қаласында (Башқұртстан, Ресей) күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталуға жақын.

Өкінішке қарай, грек-рим күресінің өкілдері финалға шыға алмады. 

55 келіге дейінгі салмақта белдескен Исхар Құрбаевтың қола жүлде алатын мүмкіндігі болған.  Алайда, әзірбайжандық Эльмир Әлиевпен өткен кездесуде 3:1 есебімен қарсыласы жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Уфадағы әлемдік сында әйелдер күресінен Нулифар Раимова чемпион атанса, еркін күрестен Нұрдәулет Қуанышбай күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или