Сенсация! Пакьяо титулды жекпе-жекте жеңіліс құшты

Сенсация! Пакьяо титулды жекпе-жекте жеңіліс құшты

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) мен кубалық Йорденис Угаспен (26-4, 12 КО) кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. 42 жастағы филиппиндік өзінен бес жас кіші Угастан төрешілер шешімімен жеңілді. Қапталдағы қазылардың үшеуі де кубалық жеңіске жетті деген қорытынды шығарды. 

Йорденис мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, <span>WBA Super чемпиондық белбеуін сақтап қалды.  Пакьяо болса сегізінші рет жеңілістің ащы дәмін татты. </span>

<span>Айта кетейік, бұған дейін Пакьяо рингке соңғы рет 2019 жылдың шілде айында шыққан еді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или