Боксшыларымыз Хельсинкиден жүлдесіз қайтпады

Финляндияның Хельсинки қаласында GeeBee 64-ші халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Аталмыш сайыста еліміздің намысын алты боксшы қорғап, алтауы да жүлде иеленді. Азат Махметов (52 кг дейін), Арман Рысбек (81 кг дейін) және Нұржан Бекзат (91 кг жоғары) алтын жүлдеге ие болды. 91 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен Арбек Әбдуғаниев екінші орынды місе тұтты. Ал Алмасбек Әлібеков (64 кг дейін) пен Сағадат Рахманқұлов (69 кг дейін) қола медальды мойындарына тақты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или