Рыпакова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыға алмады
Кенияның Найроби қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Аталған сынға Қазақстан атынан Анастасия Рыпакова қатысты.
Өкінішке қарай, біріншіліктің финалына өту үшін Рыпаковаға аз ғана жетпей қалды.
Ұзындыққа секіруден сынға түсетін спортшылар 6,35 метрді бағындыру керек. Ал Рыпакова өзінің ең үздік нәтижесінде 6,05 метрге секіріп, 13-ші орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или