Недовесов жұптық сында Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Недовесов жұптық сында Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Люденшайд (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. 

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен украиналық Денис Молчанов бірінші айналымда германиялық Юлиан Ленц – нидерландылық Сэм Вербикті 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда аргентиналық Хуан Мануэль Черундоло – перулік Александер Мериноны 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін турнирдің 3-ракеткалары, германиялық Андре Бегеманн – франциялық Альбано Оливеттимен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или