Владимир Бушанский: Әлемдік элитамен бірге Олимпиадаға қатысудың өзі үлкен жетісті

Владимир Бушанский: Әлемдік элитамен бірге Олимпиадаға қатысудың өзі үлкен жетісті

Токио Олимпиадасында тректегі велоспорттан Қазақстан командасының намысын екі спортшы қорғады. Алайда, Сергей Пономарев пен Артем Захаров жүлдегерлер қатарына жақындай алған жоқ. Бас бапкер Владимир Бушанский төртжылдық додасындағы спортшылардың көрсеткішіне қатысты өз ойын айтты. 

«Олимпиада нәтижесін екі көрсеткішке байланысты қанағаттанарлық деп айта аламын. Біріншіден, бізге спринттен қосымша квота берілді. Біз бұл бағдарлама бойынша жарысқа қатыстық. Екіншіден, омниум бойынша қатарынан екі Олимпиадада бақ сынаудамыз. Әрине, жақсы нәтиже күттік. Десе де, тректегі велоспорттан әлемдік элита арасында жүргеніміздің өзі көңілге демеу. 

Кейринде Сергей Пономаревтың құлап қалғанын көрдіңіздер. Бұл жерде Сергейдің кінәсі жоқ, малайзиядық спортшы спортшылардың жаппай құлауына себепкер болды. Құлап қалған соң көңілің бастапқы орнына келмейді. Егер бұл жағдай болмаса, ол әрі қарай жалғастырар ма еді?! Бұл спорт, баға беру қиын. Қысым жоғары болды да, психологиялық тұрғыдан қобалжып кетті. Тағы да қайталап айтамын, кез келген спортшы құлаған соң біразға дейін өз өзіне келе алмайды. Ол барын салды.  

Ал Артем Захаровтың омниумдағы көрсеткішін толық үшке бағалаймын. Алғашында жақсы бастадық. Бірінші айналымнан соң төртінші орында тұрды, кейін сегізінші сатыға сырғыды. Алғашқы ондыққа ілігуді жоспарлаған едік, болмады.

Иә, дайындық кезінде қиындықтар кездесті. Пандемияға байланысты бір жыл бойы жарысқа қатыспадық. Бұл да өз әсерін тигізген шығар», - дейді Бушанский.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или