«Астана Арланс» «Rafako Hussars Poland» боксшыларын күйретті

«Астана Арланс» «Rafako Hussars Poland» боксшыларын күйретті

«Астана Арланс» клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті матчында «Rafako Hussars Poland»-тан  басым түсті.

Шымкент қаласында өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Жекпе-жектер кішінде Ержан Жомарт (49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Мейірболат Тойытов (56 келіге дейін), Самат Бәшенов (64 келіге дейін), Мейірім Нұрсұлтанов (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жұдырықтасты.

Бірінші жекпе-жекте Ержан Жомарт Давид Ягодзиньскийді жеңді. Ал Мейірболат Тойытов Сильвестер Козловскийден басым түсті. Самат Бәшенов болса Казимеж Леговскийді техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Мейірім Нұрсұлтанов пен поляк боксшысы Томаш Яблонскийдің жекпе-жегінде қазақстандықтың боксшының мерейі үстем болды. Соңғы кездесуде Василий Левит қарсыласы Игор Якубовскийді техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, бұл – «Астана Арланс» клубының WSB-дің жаңа маусымындағы қатарынан сегізінші жеңісі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или