Осака турнирден тапқан ақшасын Гаитиде жер сілкінісінен зардап шеккендерге жібермек

Осака турнирден тапқан ақшасын Гаитиде жер сілкінісінен зардап шеккендерге жібермек

Әлемнің екінші ракеткасы жапониялық Наоми Осака Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінде тапқан барлық сыйақысын Гаитидегі жер сілкінісінан зардап шеккендерге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Гаитиде болып жатқанның бәрін көру қиын. Әрекетсіз отырмауымыз керек. Келесі аптада турнирге қатысып, сыйақымды көмек ретінде Гаитиге жіберемін. Ата-бабамыздың қаны мықты екенін білемін, алға қарай жылжи береміз», — деп жазды Осака Twitter-де.

Цинциннатидегі турнир 16-22 тамыз арасында өтеді. 

Еске салайық, 14 тамызда Гаитиде жер сілкінісі болып, кем дегенде 304 адам қаза тапқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или