«Жетісу» Қазақстан кубогында «Тұранды» жеңді
Талдықорғандық «Жетісу» Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 6-турында «Тұранды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды Алексей Михайлов соқты.
Осы кездесуден кейін талдықорғандық клуб 7 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Бірақ алматылық «Қайрат» өз матчын әлі ойнамады. «Тұран» болса, топта соңғы орын алды.
Қазақстан кубогы – 2021. Топтық кезең. 6-тур.
«Жетісу» – «Тұран» 1:0 (1:0)
Гол: Михайлов 81.
14 тамыз. Талдықорған. «Жетісу»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или