54 жастағы азамат турникте 4321 рет тартылып, рекорд орнатты (ВИДЕО)

54 жастағы азамат турникте 4321 рет тартылып, рекорд орнатты (ВИДЕО)

54 жастағы АҚШ азаматы Марк Джордан (Mark Jordan) 1 тәулік ішінде турникте 4321 рет тартылып, жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Марк Джордан рекордты өткен жылдың 4 қарашасында орнатқанымен Гиннес Рекордтар кітабына тек 11 наурызда тіркеліпті. Америкалық бұл ісімен дайындалуға 1 жыл уақыт кеткенін және спортпен кез келген жаста шұғылдануға болатынын дәлелдеген.

Мұның алдындағы рекорд 4210 рет тартылған атлетке тиесілі. Вашингтон тұрғыны Майк Маккастел (Mike McCastle) өткен жылы бұл рекордты жаңартуға талпынғанымен 800-ге кем тартылған. 27 жастағы жігіт 3400 рет тартылған соң бұлшық еті үзіліп, капилляр тамырлары жарылып кеткен. Спортшы дереу ауруханаға жеткізілген. Ол ауруханадан емделіп шыққаннан кейін тағы бір рет талпынып, рекордты жаңартатынын мәлімдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или