Астанада қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир мәресіне жетті

Астанада қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир мәресіне жетті

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Кубогы үшін өткен қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екі күн бойы үздік атану үшін Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінен келген, барлығы 16 құрама күш сынасты.

Топтық есеп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірінші орынды еншіледі. Екінші орын №1 Мемлекеттік күзет қызметіне бұйырса, ҚР Ұлттық гвардиясының құрамасы жүлделі үшінші орынды місе тұтты.

Халықаралық есепте Қазақстан құрамасы суырылып алға шықты. Екінші орынға Әзірбайжан, ал үшінші орынға Қырғызстан құрамалары жайғасты.

Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне еліміздің күш құрылымдарының өкілдері, бапкерлер қатысып, сайыскерлерді марапаттады.

Атап өтейік, аталмыш жарысқа қоян-қолтық ұрыстың 115 шебері қатысты. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де аз емес.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или