«Тобыл» мен «Астананың» Конференция лигасындағы матчтарының тікелей трансляциясы
Бүгін, 12 тамызда, «Тобыл» мен «Астана» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында қарымта матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық «Астана» өз алаңныда финляндиялық КуПС командасын қабылдайды. Еске салайық, бірінші матч тең есеппен аяқталған – 1:1. Қарымта ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-де басталады. Матч трансляциясын тікелей эфирде «Ел Арна» телеарнасының ресми сайтынан көруге болады.
Ал қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда словакиялық «Жилинамен» кездеседі. Бірінші матч словакиялықтардың жеңісімен аяқталған - 2:1. Қарымта ойынды 22:45-те QazSport телеарнасы көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или